10.07.2019

Козы Корпеш Баян Сулу Реферат

Козы Корпеш Баян Сулу Реферат Average ratng: 3,9/5 9454 reviews

Қандай көркем шығарма болсын өзінің әрі «Қыз Жібектің» мазмұны, әрі көркемдігімен бағаланады. Басылуы жайлы «Қыз Жібек» екі жағынан да бағалы поэма.

Feb 27, 2013 - Надгробие Козы-Корпеш – Баян сулу. И правителя тюркского народа Бильге Кагана. Реферат Руническое письмо. Было много кандидатов на роли Козы Корпеш и Баян Сулу. Но удача была на моей стороне, чему я безмерна рада. Моя героиня девушка с сильным стержнем и героическим характером, которая спустя время становится более женственной и чуткой, а все благодаря прекрасному чувству - любовь. Для меня Баян Сулу - идеал женской красоты, мудрости и верности. Думаю, для нынешнего поколения герои сериала - пример для подражания», - рассказала актриса. Партнером актрисы по площадке стал солист группы «Алау» Ержан Мухатаев. Певец предстанет в образе отважного Козы. В картине также снялись Турсун Куралиев, Жаксыбек.

Бұл жырдың қай кезде шығарылғаны, кім шығарғаны жайлы дерек жоқ. Ел аузында көптен бері келе жатқан және халықтың сүйіп тыңдайтын шығармасы. Бірінші рет басылуы 1894 жылы. Кімнен жазып алып, кім шығарғаны мәлім емес, «Қисса Қыз Жібек» деген атпен Қазанда басылған. Жинаушысының сөзіне қарағанда сол кездегі қазақ арасында болған татарлардың бірі тәрізді. Өзі ноғаймын дейді. «Қыз Жібекті» екінші рет баспаға ұсынған фольклорды көп жинаушы адамдардың белгілі бірі Жүсіпбек Шайқұл Ислам (1900ж).

1894 жылдан бері Қазанда талай рет басылады. Совет үкіметі кезінде тағы да үш рет басылып шықты (1933ж, 1939ж). Ең соңғы басылуы 1957 жылы (Қазақ Ғылым академиясының тіл және әдебиет институты). Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов жолдастардың 1933 ж, 1939ж бастырып шығарған «Батырлар жыры» атты жинақтарына енгізген «Қыз Жібек» - Жүсіпбек бастырған варианты.

Кейбір жеке сөздері болмаса, сол күйі, ешбір өзгеріссіз берілген. Қазіргі, 1957 жылғы бөлек кітап болып шыққаны 1894 жылғы алғашқы рет басылған «Қисса Қыз Жібек».

Казакша

«Қыз Жібектің» алғашқы Қазанда басылған нұсқасы туралы Жүсіпбек Шайқұл Ислам төмендегіні айтады: Басында менен жайылды, Қисса болып бұл Жібек. Баспасына қарасам, Бәрі шала сөзінің, Еңіреп жылап жүр жүдеп, - десе, екінші бір жерінде «Қисса қылып жазып ем» дегенді де айтады. Жүсіпбек - қазақ ауыз әдебиетіндегі ескі мұраны көп жинастырған адам.

Ол еңбегін бағалаймыз. Бірақ кейде ол өзінің жинаушылығы мен авторлығының арасына шек қоймайды. Халыққа мәлім белгілі эпос, лиро-эпостар не айтыстарды жазып алып баспаға даярлағанда, өзі өлеңмен кіріспе жазатыны, кейде қара сөзбен берілетін жалғастыруды өлеңге айналдыратыны, кейде оқиғаның шешуі біткенсін, сол жөнінде қорытынды беретіндігі рас.

Осылардың жиынтығында ел аузынан жазып алған әр алуан халық мұрасына ие бола кететіні бар. Оны ол жаман оймен жасайды деуден аулақпыз, өзінің жеткен жері, түсінігі сол болу керек.

Қандай эпосты алсақ та, оның не қосқандығы, сөз, сөйлем құрылысы стилі жағынан айқын тұрады. Жүсіпбекте ақындық жоқ адам. Оның мардымсыз китіңінен шыққан сөздерімен төгіліп жүре беретін тайпалмалы шын толқу, терең сезімнен шыққан дарынды халық ақындарының сөздері қатар келгенде айырмалары аспан мен жердей. Бірақ Жүсіпбектің жоғарғы айтқанындағы бір шындық - «Қыз Жібек» әуелде менен тарап еді деуі.

Ол кезде Жүсіпбек 23-ақ жаста болса, оның татар баспаларымен байланысы болмауы, бастыру әрі өз пайдасы, әрі ел пайдасы екенін ұғынбауы, сондықтан оның жазып алғандары сол қолжазба күйінде ел-елге тарап, бірнеше жылдардан кейін Қазанда басылып шығуы да мүмкін. Немесе Жүсіпбек жазып алған жыршыдан басқа да ақын-жыршылардың «Қыз Жібек» нұсқасын білушілер болды да, оны Қазанда бастырып шығарған ноғайдың өзі жазып алып бастырды деп топшылауға да болады. Әйтсе де Ә.Диваев тәрізді бір ғалым адамдар болмаса, кез келген ноғайдың өз құлағымен тыңдап, ел аузынан өзі жазып алып бастырды деу едәуір күдік келтіреді. Сондықтан біз сол бастырушының қолына Жүсіпбектің қолжазбасы кездесіп, оның өзі жинаушы емес, «Әзір асқа ие болушы» деген пікірді қолдауға бейімбіз. Бірақ біздің бұл жерде тоқталмағымыз, кімнің кімнен алғандығы емес, осы 1894 жылғы басылуы мен 1900 жылғы басылуы екі версия не екі вариант деп айтуға келе ме, айтарлықтай айырмашылықтары бар ма, міне, осы мәселелер.

«Қыз Жібектің» ең соңғы баспасына жазылған түсінікте поэманың екі варианты бар делінген. Бізше, Жүсіпбек бастырған «Қыз Жібек» пен 1894 ж. Басылған «Қисса Қыз Жібектің» вариант дерлік айырмашылығы жоқ. Өйткені не географиялық жақтарында, не сюжет желісінде, не қатысушыларының іс-амалдарында немесе композициясында, не оқиғаны суреттеу, баяндауларында ешбір өзгешелік жоқ.

Козы корпеш баян сулу реферат на русском

Екі вариант деушілердің барлық дәлелі кейбір сөздердің түсініктері ғана. Және ең дұрысы, түп нұсқасына жақыны 1894ж басылуы деген пікірді ұсынады. Мысалы: «Қыз Жібек» (Жүсіпбек Ш.Ислам «Қисса Қыз Жібек» нұсқасы, 1979ж.

Козы Корпеш Баян Сулу Реферат

С.Мұқанов (1957ж.басылуы). «Батырлар» атты жинаққа енгізген.) Осы келген Қаршыға Табынан асқан ер еді Оқпанды жер қыр болып. Ойнап балық шығады Айдын көлдің шетіне. Қамқа зерлі кілемді. Қолтығынан аққан тер.

Төгіледі шылқылдап. Осы келген Қаршыға Топтан асқан ер еді Ойпаңды жер қыр болып.» Ойнап бала шығады Айдын көлдің шетіне.» Қамқап(?) зерлі кілемді.» Атқа салды желдікті1. Қолтығынан аққан тер Қоңырау даусы келгенде Көк жорға атты қамшылап Жетіп бір келді-ау қасына.

Тебінгіден шылқылдап. Қоңырау даусы келген соң Көк жорға атты ағызып, Жетіп бір келді қасына Атқа салды сәндікке Төгілдіріп кілемді. Басқалары да осы келтірген мысалдар тәрізді, кейбір сөз, сөйлем өзгешеліктер. Тек осындай деректерге сүйеніп, екі вариант деушілік, жұқалап айтқанда, ғылымдағы сәуегейлік.

Козы Корпеш Баян Сулу Туралы Реферат

Ал келтірілген текстегі сөз қолданыстардың қайсысы мағына жағынан дұрыс дегенде, біз, сөз жоқ, 1939 жылғы баспасындағы текстің сөздерін қолдаймыз. Жоғарғы үзінді алған жолдардағы сөздердің мағынасы, сөйлемдегі логикалық байланыстарға қарағанда, Жүсіпбектің. Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер.

Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: 'Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа'. Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады.

Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. 'Періште сипатты ұл' боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша 'сағат сайын' өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды.

Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады. Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, 'жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады'. Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді.

Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне 'мырзалықпен' танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді.

Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.